Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Медициналық ұйымдардағы қол гигиенасы

2008 жылдан бастап жыл сайын 5 мамырда Дүниежүзілік таза қол күні өткізіледі. Бұл күн адамдарға қол жуудың денсаулыққа әсерін еске салуға, бұл процедураны үйде де, сыртта да нормаға айналдыруға арналған. Бұл күннің басты міндеті – қолды уақтылы және дұрыс жууға назар аудару, өйткені бұл өзіңізді аурулардан қорғап ғана қоймай, олардың өсуін тоқтатудың ең тиімді әдісі.

Адамның қолдары қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің негіздерінің бірі болып табылады. Қол гигиенасы стандартты сақтық шараларының негізгі элементі және медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілу қаупін азайтудың міндетті компоненті болып табылады. Медицина қызметкерлерінің қолдары негізгі жұмыс құралы болып табылады және олар сонымен қатар жұқтыру тізбегінің негізгі буыны болып табылады. Қолды өңдеу келесі әдістермен ерекшеленеді:

Сабынмен және сумен қалыпты жуу;

Қолды гигиеналық өңдеу;

Қолды хирургиялық дезинфекциялау.

Қол гигиенасын сақтаудың маңыздылығын есте сақтау және осы процедураны қалай дұрыс орындау керектігін білу қажет. Қолды дұрыс өңдемеу қолдың ластануына әкеледі, сонымен қатар қолғапты қолдану қолды дұрыс жуу және өңдеу қажеттілігін жоймайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «қол гигиенасының 5 сәті» деп аталатын қол гигиенасы принциптерін үйлестірді. Олар қолды өңдеу бойынша төмендегі ұсыныстарды қамтиды:

науқаспен байланыс алдында;

таза және асептикалық процедуралар алдында;

дене сұйықтықтарымен байланыста болғаннан кейін;

науқаспен байланыста болғаннан кейін;

науқасты қоршаған ортамен байланыста болғаннан кейін. Қол гигиенасы Денсаулық сақтау ұйымдарында ауруханаішілік микроорганизмдердің таралуының алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қолды сабынмен мұқият жуу немесе 20-30 секунд ішінде антисептикпен өңдеу көптеген аурулардың алдын алады.

Алтынгүл АЙМҰРАТОВА,

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT