Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕСІРТКІГЕ ЕЛІТПЕ ҰРПАҚ!

коллаж: Әсел Балтақызы "Айқын" газеті

 Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында күресуде. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. «Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз?» деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.       

Есірткіге еліктейтіндер  негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін. Алайда жастар қорықпайды. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген жастарды: «Инемен салмасаң болды, нашақор емессің. Біз иіскейміз, одан нашақор болмаймыз» деп алдауы да мүмкін. Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді. Біз бала тәрбиесін мектепке қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін сол мектепті кінәлаймыз. Бұл үлкен қателік. Қайта біз мектептің және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шығарып алдық. Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын,  отбасында  ата-ана мен бала бір-біріне суық,  рухани адамгершілік тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ, бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді. Өйткені әркім өз кемшілігін өзі көріп, түзей алмайды. Отбасындағы дағдарыс қоғамдық деңгейге қалықтап шықты. Осыдан келіп өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны арта түсті. Бізде,  «Бала ертең-ақ өсіп ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар. 

Күнен-күнге психоактивтік  заттардың зияндығына қарамастан оны  қолданатын адамдардың саны артуда. Жасөспірімдер нашақорлығының әлеуеттік келешегін мамандар алдын ала болжады. Нақтырақ айтсақ, біріншіден,  12-18 жастағы нашақорлар - бұл ар-ождан принциптері бұзылған,  адамгершілік қасиеттері төмен денгейдегі адамдар. Сонымен  қатар,  есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Сөйтіп 10-20 жылдан кейін жасөспірім нашақорлық әлеуметтік қауіп тобын құрайды. Ал, екіншіден нашақор балалардың  көпшілігі өліп кетеді  немесе дені сау келешек ұрпақ деп айта алмаймыз. Осыған байланысты, қоғамдық қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде оқушылар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу  қажет. Жастарды спортқа, басқада мәдени ұйымдарға тарта отырып, олардың бос уақыттарын кіммен, қалай өткізетіндігіне аса көңіл бөлінсе игі дегім келеді. 

Жұмақайыр БЕРТІЛЕУОВ,

аудандық аурухананың наркологі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT