Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін талдауды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты. «Қобдиша құрамына мыналар кіреді: дәке таңғыштар, эластикалық бинттер, таңғыш пакет, медициналық бұласыр, доғал қайшы, металл, өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы, таңуға арналған бандаж, құтқару көрпесі, бір реттік мұз пакеті, ысқырық, шам, дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр, блокнот, қарындаш, дымқыл майлықтар, қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар», – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауынша толықтырылады. Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықпен қоса, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты жарақатты шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады. Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.
ҚазАқпарат