Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауылдың денсаулық сақтау инфрақұрылымы 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен жаңартылады - министр

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылдағы медициналық көмектің бүгінгі ахуалымен таныстырды.

    - Проблемалар жоқ емес, бар. Шын мәнінде ауылдық жерлердегі тозығы жеткен инфрақұрылымға байланысты өткен жылы маусымда Үкімет қаулысымен тиісті тұжырымдама қабылданды. Соның ішінде 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен инфрақұрылымды жаңарту қарастырылған, - деді Ақмарал Әлназарова Мәжілісте МӘМС жүйесі туралы заң жобасын таныстыру барысында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің мәліметінше, бүгінде ел аумағында 655 елді мекенде медициналық мекеменің құрылысы жүріп жатыр.

    - Оның ішінде 464 мекеме іске қосылды, биыл 180-нен астамын тағы іске қосамыз. Одан бөлек, өткен жылы кадр мәселесіне қатысты заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, ауылға баратын тапшы медицина мамандарына көрсетілетін көмектің деңгейі 8,5 млн теңгеге дейін көтерілді, - дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін Ақмарал Әлназарова 2027 жылдан бастап жедел жәрдем қызметі бойынша жаңа норма енгізілетінін мәлімдеген еді.

Одан бөлек Денсаулық сақтау министрі медицина саласына инвестиция құйғысы келетін кәсіпкерлерге жол ашық екенін жеткізді.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT