Атырау облысындағы офтальмологиялық аурухананың балаларға арналған бөліміндегі аппараттық емдеу сеанстары өз нәтижесін көрсетіп келеді. Жыл басталғалы амблиокор, синаптофор, плеоптика, макулостимуляция және монобиноскоп құрылғылары арқылы 2538 сеанс жүргізілді,- деп хабарлайды Өңірлік каммуникациялар қызметі.
Одан бөлек, айта кету керек, 2025 жылдың алғашқы төрт айында шала туған нәрестелердің ретинопатиясына байланысты ешқандай жағдай тіркелмеген. Ал былтыр осындай диагнозы бар 29 баланың 14-не ота жасалған болатын.
- Қалай десек те көз ауруына немқұрайлы қарауға болмайды. Адамның жүрекке маңыз беретініндей, көзге де аса сақтықпен қараған жөн. Бұл ретте шағым жоқ болса да скринингтік тексерулерге барып, әр адам көзін дәрігерге қаратуы тиіс. Компьютермен ұзақ жұмыс жасайтындарға әр сағаттың 15 минутында көзді демалтқан жөн. Балаларға ұялы телефон, планшет ұстатып, ұзақ уақыт теледидар қаратуға болмайды,- дейді офтальмолог дәрігер Асылжан Жұбанов.
2025 жылдың алғашқы айларында 15 жасқа дейінгі балаларға көрсетілген аппараттық емдеу көрсеткіштері төмендегідей болды:
• Амблиокор – 368 сеанс;
• Синаптофор – 535 сеанс;
• Плеоптика – 570 сеанс;
• Макулостимуляция – 132 сеанс;
• Монобиноскоп – 187 сеанс.
Фото freepik