Атыраулық дәрігерлер үшін 2024 жыл сәтті болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыс орталығындағы №2 емхана директоры Элена Даутова айтқандай, 2018 жылдан 2023 жылға дейін мекеме сенімгерлік басқаруда болды, ал 2024 жылы мемлекет меншігіне қайта оралды.
- Жекеменшіктің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін ескердік, бұл бізге әрі қарай жұмыс істеуге көмектесуде. Біз қала орталығына қызмет көрсетеміз, біздің учаскеде 51 мыңнан астам адам бар. Бізде биыл өте жақсы нәтижелер бар. Бұған дәлел ретінде біз медициналық сақтандыру қорымен жұмыс қорытындысы бойынша көшбасшы болғанымызды айта аламын, - деп жалғастырады Елена.
- "МӘМС көшбасшысы" атты іс-шараның мақсаты алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың медициналық қызмет сапасын арттыру, қор жұмысына қатысатын тұрғындар санын көбейту, шағымдар санын азайту, науқастарды сүйемелдеу және ішкі бақылау қызметтерінің жұмысын жақсарту болды. Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың беделін көтеру де маңызды. Байқау қорытындысы бойынша біз бірінші орын алдық. Біз үшін бұл үлкен жетістік, бұл - бүкіл ұжымның үлкен еңбегінің нәтижесі. Қоғам қайраткері Андрей Кораблев Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көктемде батылдықтарымен көзге түсті деп санайды.
- Биылғы жыл олар үшін ең ауыр сынақ болды, өйткені біздің еліміздің бірнеше аймақтарында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді және олардың салдарын жою үшін тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылықтары көктемгі су астында қалды. Бұл қауіптің беті үлкен күш-жігердің арқасында ғана қайтарылды, ең бастысы — көптеген адамдардың өмірі сақталды, - дейді қоғам қайраткері.
- Көбінесе құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тігіп, небір қиын тапсырмаларды орындайды. Атырау облысындағы су тасқыны кезінде өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Рахым Бейбарыс өз есімін батырлар тізіміне мәңгіге енгізді. Бірақ құтқару қызметі тек адамдарға ғана қажет емес, басқа да тірішілк иелері үшін де керек. Мәселен, үш жүзден астам жылқыны Атырау облысындағы су басу аймағынан жедел-құтқару жасағы құтқарды. Ал қала мен облыста жаңбыр мен еріген қар суын жинау бойынша қанша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді десеңші! Құтқарушының жұмысы бұл тек кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен бірге жүректің батылдығын, жанашырлық және жанқиярлық қасиетті қажет етеді. Сондықтан біздің құтқарушы жігіттер отқа және суға ойланбастан барады, өйткені адамның өмірі бәрінен бұрын, - дейді ол.
- Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының ұжымы өткен жыл ол үшін өте сәтті өтті деп есептейді. Емдеу мекемесінің директоры Саида Зулкашева айтқандай, ауданымыздың 49 мың тұрғынына қызмет көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Бізде барлығы 71 дәрігер жұмыс істейді. Екі отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайда болды. Сондай-ақ бізде ауқымды республикалық семинар өтті, онда ауыл дәрігерлері мен денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері оқытудан өтті. Оны медицина ғылымдарының докторы, "Астана Медицина Университеті" АҚ анестезиология-реаниматология және жедел жәрдем кафедрасының профессоры, "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ақ медициналық директоры Агзам Жұмаділов жүргізді. Ауыл үшін мұндай ауқымды іс-шаралар сирек кездеседі. Жергілікті жерлерде біз көп нәрсені білдік. Өздеріңіз білетіндей, Атырау-Астрахань жолы ресми түрде ашылды. Енді жол екі есеге жуық қысқарды. Бұл біздің рабатаны айтарлықтай жақсартады. Адамдарды құтқару бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін облыстық ауруханаларға жедел жетуге болады, бұл біз үшін аса маңызды. Сондай-ақ, біз тар мамандарды шақыра аламыз, - деп атап өтті С.Зулкашева.
Өз тілшіміз