Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Фортификацияланған ұнның ағзаға әсері

Фортификация – ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды.

Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі – 6 ай. Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіс кең тараған технологияға айналды, яғни 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданды. Бидай әлемде аса өрі салған дәнді егіс, ал ұн – көпшілік тұтынатын аса әмбебап және күнделікті өнім болып табылады. Осы себепте, бидай ұнының жоғары және бірінші сұрыптарын фортификациялау адам ағзасы үшін темір мен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру мәселесін шешу де қолайлы, тез және экономикалық жағынан тиімді.

Адамның денсаулығына қауіпі бар проблемалардың бірі – ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі болады. Анемияға әкеп соғады. Анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды 30-40 пайыз жиірек босанады, барлық жүрек-қантамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқа ағза мен жүйелер функциялары бұзылады, шала тууға, күтпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулығы бас миының жоқтығы, ми жарығының пайда болуы т.б. әкеп соғады. Ал, балаларда дене бітім дамуындағы жетілмеуі, әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды экологиялық факторларға тұрақтылықтың нашарлауына әкеледі.

Әр адамның денсаулығы – өз қолында, «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жолізде» демекші, фортификацияланған ұнды күнделікті тұтынуды үрдіске айналдыруға мән бергеніңіз жөн. Бидайдың табиғи құрамы В1 (тиамин), В 2 (рибофлавин), В6 (пиридоксин), Е дәрумендеріне, ниацинге, соныменқатар, темір мен мырышқа бай. Алайда, осы қоректік заттар бидайдың сыртқы қабығында жинақталғандықтан, ұнды тарту кезінде олар өз құрамын жоғалтып алады.

Бұл ретте ұнды фортификациялаудың көп көмегі тиеді. Бидай мен жүгері ұндарын ортификациялау (дәруменменбайыту) бірнеше жылдан бері көптеген елдерде қарастырылып келеді. 1992 жылы БҰҰ-ның балалар мүддесі туралы бірінші Саммитінде дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі көптеген елдерде денсаулыққа қатысты маңызды мәселе екендігі мойындалды. Әйелдердің жүктілікті жоспарлау кезінде, бала дамуының алғашқы апталарында қолданатын фолий қышқылы әлемдегі көпкездесетін туа біткен ақаулар – баланың жүйке жүйесіндегі ақаулардың қаупін сейілтеді. Темір жетіспеушілігі әлемдегі ең көп кездесетін қоректік заттардың тапшылығы болып табылады. Ол 5 жасқа дейінгі балалардың өлімі мен мүгедектігіне әкеп соғады.

ДСҰ критерийлеріне сәйкес қаназдықтың 40% және одан да көп деңгейде таралуы қоғамдық денсаулық сақтаудағы өзекті мәселе болып саналады және бұл ретте оның жаппай алдын алу мен аталған аурудан емдеуге қатысты шұғыл шаралар қабылдау керектігін ұсынады. Қазақстанның тексерілген барлық халқы арасында қаназдықтың орташа түрде таралуы ауыр тәуекел санатына жатады. Астықты қайта өңдеу өнеркәсібі саласының әзірлеушілері мен технологтары ұн адамға қажетті микроэлементтерді «жеткізуші» ең ыңғайлы және қолжетімді әдіс дегенше шімге келді.

Айгүл Искакова,

 Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT