Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АТЫРАУДА BINOM МЕКТЕПТЕРІНЕ БІРІНШІ КҮНІ ҚАБЫЛДАНҒАН ӨТІНІШТЕРДІҢ ТЕК 40% МАҚҰЛДАНДЫ

20 шілдеде Атырау қаласында BINOM мектептерінің бастауыш сыныптарына (1-4) өтініштер қабылданды.

Әрқайсысына 1900 өтініш қабылданды, барлық өтініштің талапқа сәйкестігі тексеріліп, тек 40 пайызы ғана мақұлданды. Құжат қабылдаудан бас тартудың негізгі себебі – өтініш берушілердің тұрғылықты жері бойынша тіркеуінің сәйкес келмеуі және өтініштердің дұрыс толтырылмауы.

Тексеруден кейін 1000-нан астам бос орын ашылды. Қосымша өтініштер 21 шілде күні сағат 9.00-де қабылданады. 1900 бос орын 21 шілдеде толмаса, 24 шілдеде тағы да қосымша қабылдау жүргізіледі. Осыған байланысты білім беру басқармасы ата-аналарға ертең де мүмкіндікті қалт жібермеуге шақырады.

«Құрметті ата-аналар, егер сіз бүгін (20 шілде) құжат тапсыра алмасаңыз, 21 шілде күні сағат 9-да қайта тапсыра аласыз. Егер бос орындар болса, 24 шілдеде тапсыра аласыз», – делінген хабарламада.

BINOM мектептеріне қабылдау 20, 21 және 24 шілде – 1-4 сыныптар; 2-4 тамыз – 5-9 сыныптар; 14-15 тамыз – 10, 11 сыныптарға құжат қабылданады. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз