Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жол бойындағы шөптер тазаланса игі

Қылышын сүйретіп қыс та жетті.

Бұл жолаушы тасымалымен айналысып отырған жүргізушілер үшін оңайға соқпайтыны белгілі. Жауын-шашыны мен қарлы бораны бар уақытта жолға шығып жолаушыны діттеген жеріне уақытында, аман-есен жеткізу – біздің басты міндетіміз. Осындайда жолдың талапқа сай болғанын қалайсың.

Бірақ, олай болмай жататын күндер болады. Мен өзім Көздіғара мен Миялы арасында жолаушы тасимын. Тасжолымыз жаңаланып жаз, күз айларында еш уайымсыз жолға шығатынбыз. Ал, қазір жол тайғақ. Сонымен қатар, жолдың екі шетіндегі шөп тазаланбаған. Солар қар ұстап, жолды басып қалу қаупі бар. Осы жағдайды қыс қаһарына мінбей назарға алып, тазаланса деген ұсынысым бар.

Маридат ҚҰРМАНҒАЗИЕВ,

ауыл тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521