Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жеңілдік болғаны дұрыс

Мен өзім ұзақ жылдар білім саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шықтым.

Осы уақытқа дейін бері баспасөзге жазылу науқанынан қалыс қалып көрмедім. Аудандық, облыстық басылымдар бірінші орында тұрады. Содан соң өзіме қажетті газеттерге жазыламын. Бір кездері «Егемен Қазақстан» газетіне жазылушыға жеңілдіктер қарастырылатын. Яғни, басқа газеттерге елу пайыз арзан бағада болатын. Ал, қазір ше? Ондай жеңілдік жоқ. Кейбір газеттер бұрын аптасына екі рет шықса, қазір бір рет. Ал, үш рет жарық көретін газеттер екі рет шығады. Алайда, бағасы қымбаттамаса, арзандаған түрі жоқ.

Бос уақытымда газет оқып, елдің жаңалығымен танысып отырамын. Жазылу науқаны басталған шақта арнайылап барып жиырма бес мың теңгеге әр түрлі газетке жазылдым. Бірақ, «Сізге жеңілдік бар» деген сөз естігенім жоқ. Менің ойымша газетке оқырман тартып, таралым санын өсіру үшін жазылушыға жеңілдіктер қарастырылғаны жөн деп есептеймін.

Рахмет СИСЕНБАЕВ,

ардагер ұстаз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT