Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕТІ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Қазіргі таңда елдегі ең басты мәселелердің бірі – баспана мәселесі екендігі даусыз. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің басты міндетіміз – әр азаматтың тұрмыс сапасын арттыру. Сондықтан мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді орындауға баса мән беріп отыр. Осы мақсатта елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Халықты қолжетімді баспанамен қамту үшін көптеген жеңілдік жасалып жатыр» деген болатын. Соның бір айғағындай, бүгін Сағыз ауылдық округінде 7 отбасы қоныс тойын тойлады.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, асыраушысынан айырылған отбасыларға және бюджеттік мекеме қызметкерлеріне пәтер кілті салтанатты түрде табысталды. Баспаналы болған сағыздық тұрғындардың қуанышына ортақ болған аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

– Аудан бойынша 630 адам тұрғын үй кезегінде тұр. 2022 жылы үш тұрғын үй берілсе, оның екеуіне сағыздық тұрғындар ие болды. Биыл 80-ге жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек. Бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ, осы жылы Сағыз ауылына 12 тұрғын үй беруді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта салынып жатқан әлеуметтік нысандар аяқталып, тезірек халық игіліне беруді нәсіп етсін. Ауданымыз әрқашан дамып, өркендей берсін! Қоныс тойларыңыз құтты болсын! - деді.

Бұдан соң аудан басшысы жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстап, ауыл тұрғыны Гүлжан Сүйесіновамен тұрғын үй нысанының лентасын қиды. Сондай-ақ, салтанатты шарада Сағыз ауылының тұрғыны, 30-ыншы үй 1-інші пәтердің иесі Ақбаян Ержан құттықтау тілегін білдіріп, әжелер шашу шашты.

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT