Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жанға жайлы "Сервистік әкімдік"

Өткен жылы аудан бойынша тұрғындар мен заңды тұлғаларға барлығы 12776 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2197, мемлекеттік орган арқылы 797, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 1763, ақпараттық жүйелер арқылы 5785, «Е-Лицензия» базасы арқылы көрсетілген қызмет саны 234 болды. Аудан көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге арналған медиа жоспар жасақталды. Аталған медиа жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында және халықты ақпараттандыру үшін аудандық басылым мен облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсына 43 мақала жарияланды. Сондай-ақ, былтырғы жылдың бірінші тоқсанында үш рет «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жәрмеңкесі» (Сағыз, Мұқыр, Қызылқоға ауылдық округтерінде) өткізілді.

Аталған жәрмеңкелерде ауыл тұрғындарына барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Мамыттың қатысуымен Қызылқоға ауданы әкімдігі жанынан «Сервистік әкімдік» жобасының залы ашылды. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ашылған «Сервистік әкімдік» жобасы мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы жабдықталған қызмет көрсету аймағымен толықтай қамтылған.

«Сервистік әкімдікте» электронды кезек, күту үшін жайлы орындары бар операциялық зал, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, Wi-Fi желісі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолайлы орындар, аудан әкімінің азаматтарды қабылдау бөлмесі және балалар алаңқайы бар. Аталған әкімдіктің залында сәулет, жер қатынастары, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары саласында арнайы компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандар жұмыс жасауда.

Аталған мамандар 5 бөлім арқылы мемлекеттік қызметтің 50-ден астам түрін көрсетуде. Есепті жыл соңына дейін «Сервистік әкімдік» жобасы арқылы 237 өтініш қанағаттандырылып, 102 кеңес берілді. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде және 10 ауылдық округ әкімі аппараттарында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 4956 қызмет көрсетіліп, 4098 электрондық цифрлық қолтаңба берілді. Құжаттардың мерзімдерін бұзу фактілерінің алдын-алу және бақылауды күшейту мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы түскен өтініштерді уақытылы өңделу шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта да аудан көлеміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында жұмыстар атқарыла бермек.

Нәзира ҚАЛАМҒАЛИЕВА,

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер,

ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521