Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАМАНСОРДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ

Жамансор ауылында үлкендері қолдау білдіріп, ауыл жастары бірлесіп Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, құтты Наурызым» атты мерекелік той думан ұйымдастырылды.

Балалар ойын алаңының қасына алты бақан құрылып, ағаш тігіліп, дастархан жайылды. Оған бешбармақ, наурыз көже, қазы-қарта, құрт, ірімшік, балқаймақ, бұжы,бауырсақ және тағы да басқа ұлттық тағамдар қойылды. Шараны ауылдың жас асаба жігіті Амандық Ерлан басқарып, Жеміс Нұртілеуова анамыз шашу шашты. Жас келіндер үлкендерге иіліп сәлем етіп, батасын алды. Салт-дәстүрлеріміз ат қою, бесікке салу, тұсау кесу көріністері қойылып, бүлдіршіндеріміз мың бұрала би билеп, күмбірлете күй тартты. Қарақат Әбілдинаның «Қызымын елдің» әнін ауыл тұрғыны Гүлжазира Есехаева, «Ата дәстүр» әнін Арайлым Аманжол тамылжыта шырқаса, «ТрансОйлТерминал», «Ақ жол құрылыс», «Темір жолшылар» мекемелері және ауыл жастары арасында гір тасын көтеруден 1-ші орынды «Ақ жол» мекемесі, 2-ші орынды Алтынбек Асқарұлы, 3-ші орынды Нұрберген Баймағанбетов жеңіп алды. Қол күрестен 1-ші орынды Нұрберген Баймағанбетов, 2- орынды Болат Өмірханов, 3-ші орынды 15 жастағы Асар Құжбан иеленді. Содан басқа тағы да ләңгі тебу, асық ойыны, арқан тартыс болып, барлығына марапаттар мен түрлі сыйлықтар таратылды. Ауылдың атпал азаматы, «Амандық» шаруа қожалығының төрағасы Нұрәділ Тілеубаев Наурыз тойына қой малымен демеуші болды. Осы мерекелік шараны бастан аяқ ұйымдастырып жүрген Ж.Сартов, Г.Есехаева, және тағы да басқа ауыл жастарына, келіндерге, мектеп ұжымына, темір жол ұжымына алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да осындай игі шаралар көптеп өте беруіне тілектеспіз.

Айгүл ЖӘУМІТОВА,

Жамансор ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT