Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫДЫР АТА БАТАСЫН БЕРДІ

Барабаншылардың соққан барабан даусымен келген жаршылар ортаға шығып, Наурыз мерекесінің хабарлауынан басталған мерекелік шара одан әрі «Аластау» көрінісімен жалғасты. Ортаға шыққан «Арман» мәдениет үйінің қызметкерлері «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымының «Аластау» хореографиялық биімен «Жаман ниеттен тазару, жылу мен ошақты қадірлеу, кең пейілді елімізді, жерұйықтай жерімізді өрттен, дерттен, даудан сақтасын» деп аластау рәсімін жасады.

Бұдан кейін ортаға шыққан Қыдыр ата аудан халқына батасын беріп, «Жасұлан», «Балдырған», «Нұр-Шуақ» балабақша ұжымдары мерекеге арнап пісірген Наурыз көжелері мен бауырсақтарын  алаңға жиналған тұрғындарға таратты. «Ойыл аруы» бишілер тобының билеген «Көктем» биінен соң жұртшылық «Тарихи тұлғалар» шеруін, «Исатай-Махамбет» көрінісін тамашалады.  Мерекелік шарада сондай-ақ, Зәуре Жұмағалиева «Наурыз думан» әнін шырқаса, «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымы мен «Ойыл аруы» бишілер тобы «Қара жорға» биін биледі. «Ақжелең» халықтық фольклорлық ансамблі Сүгірдің «Ыңғайтөк», Қазанғаптың  «Ақжелең», жергілікті сазгер Б.Ақтаевтың «Туған жерім – Қызылқоғам», «Арнау» шығармаларын ауыл тұрғындары мен қонақтарына ұсынса, «Арман» мәдениет үйінің әншілері Мейрамгүл Болатқызы, Заманбек Абзалұлы, Үлпілдек Дүйсекен, Бисұлтан Мұхтаров, Назира Шоқан, "Арман» триосы «Наурыз», «Тойбазар», «Беу, айдай», «Елім менің», «Наурыз» әндерін шырқап, мерекеге жиналған ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521