«Тіл туралы» заңының 21 бабында көзделген талаптардың қаншалықты орындалып жатқандығын зерделеу мақсатында, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің мамандары аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын «Әмина», «Малика», «Шырайлым», «Қанағат» азық-түлік, әмбебап дүкендерін, дәріханаларын, «Мейір», «Сағынай», «Бекежан» сауда үйлерін, «Керуен» сауда орталығын, «Құралай», «Жайық», «Бәйтерек» супермаркеттерін және «Sweet food» тез дайындалатын тағамдар орталығын аралап шығып, ондағы көрнекті ақпараттардың жазылуын зерделеді.
Аталмыш бөлімнің тарапынан, заң талаптарына сай келмейтін көрнекі ақпараттардың қалай жазылу керектігін түсіндіріп, кәсіпкерлік нысан иелеріне сәйкестендіру қажеттігі жөнінде ұсыныс берілді.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА