Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТҰРҒЫНДАРҒА БАУ-БАҚША ӨСІРУГЕ ТЕГІН ЖЕР БЕРІЛІП ЖАТЫР

фото ғаламтордан алынды
фото ғаламтордан алынды

Атырауда облысында тұрғындарға бау-бақша өсіруге тегін жер беріліп жатыр. Олар тегін жер телімін уақытша, яғни 6 ай пайдалана алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер жыртуға әкімдік тарапынан арнайы техникалар шығарылады. Алайда жер жыртатын техниканың және бақша суаруға арналған мотопомпалардың жанар-жағармай шығындарын тұрғындар өтейді және тұқымды да тұрғындар өздері сатып алады.

"Миялы ауылдық округі бойынша 13 гектар жерге егін егу жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 гектар жерге картоп, 5 гектар жерге қарбыз-қауын, 3 гектар жерге көкөніс егу жоспарланып отыр. Бау-бақша өнімдерін егу жұмыстары мамырдың ортасына қарай ұйымдастырылады. Өйткені Ойыл өзенінің биыл күрт тасуы егін егетін жерлерге баруға мүмкіндік бермей отыр. Жобамен биылғы жылы 93 тонна көкөніс өнімдерін алу жоспарымыз бар. Қызылқоға ауданы бойынша арнайы егіс шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары немесе жеке кәсіпкерлер жоқ. Мұндай бастама алдағы уақытта егін егушілер санын арттырады деген ойдамыз", - дейді Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT