Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙ

Бүгін аудан орталығы Миялы ауылында Наурыз той өз сән-салтанатымен аталып өтті.

Күннің салқындығына қарамастан ұлттық мерекені ұлықтауға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Орталық көшеде әсем безендірілген сахна мен алтыбақан құрылып, тігілген ақшаңқан киіз үйлер де мерекенің шырайын аша түскендей.  Барлық киіз үйге тарихи тұлғалардың атауы беріліп, әрқайсысы бір-бір ауыл болып қонақтарды күтіп алып жатты.

f89d942c-0209-41e4-bb18-3c7025e074d2

Наурыз той аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтің құттықтау тілегімен ашылып, одан кейін сахналық қойылымдармен жалғасты.

Алғаш болып ортаға шыққан жаршылар Наурыздың келгендігін айтып жар салса, артынша Қыдыр ата шығып қазақ еліне құт-береке тілеп, батасын берді. Қыздар мен жігіттердің өзара әзіл айтысы, одан кейін мерекелік концертке ұласты. Бұл күні ұлттық спорт ойындарынан да сайыстар өтті. Сайыстар нәтижесінде арқан тартыстан 1978 жылы туған ауыл азаматтары жеңімпаз атанса, бұқа тартыстан Жанұзақ Ермағанбетов қарсылас шақ келтірмеді. Ал, 24 келілік кір тасын көтеру сайысында Сұңғат Зәкарияев үздік атанды. Осылайша Наурыз той өз мәнінде аталып өтіп, жиналған көпшілік «Наурыздан наурызға аман-есен жете берейік» деген тілекпен тарқасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT