Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тас жолдар қардан толық тазартылды

Миялы ауылдық округінде қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету мақсатында округ аумағындағы барлық тас жолдарды қардан толықтай тазалау жұмыстары жүргізілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл ішіндегі және ауылдар арасын байланыстыратын жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалыпты жағдайға келтірілді. Бұл шаралар жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да қызметтердің уақытылы жетуіне, сондай-ақ тұрғындардың күнделікті қатынасына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Қар тазалау жұмыстары алдағы уақытта да ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрақты бақылауда болып, қажет болған жағдайда жедел түрде жалғасын табатын болады.

Өз тілшіміз 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT