Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымын, әсіресе Қауіпсіздік Кеңесін реформалау туралы пікірі – бүгінгі халықаралық қатынастардағы ең өзекті мәселелердің біріне берілген нақты әрі салмақты баға.
Қазіргі геосаяси жағдайда әлемдік қауіпсіздік жүйесі сын-қатерлерге толы кезеңді бастан өткеріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, БҰҰ-ның тиімділігі мен әділдігіне деген сұраныс бұрынғыдан да арта түсті. Қазақстан БҰҰ-ны жаһандық мәселелерді әділ әрі теңгерімді шешудің негізгі алаңы ретінде қарастырады. Алайда ұйым құрылымының, әсіресе Қауіпсіздік Кеңесінің бүгінгі заман талабына толық сәйкес келмейтіні анық байқалады.
Вето құқығы мен өкілдік теңсіздігі халықаралық шешімдердің әділ қабылдануына кедергі келтіріп отыр. Сондықтан Мемлекет басшысының БҰҰ реформасын күн тәртібіне қоюы – уақыт талабынан туған орынды бастама. Қазақстанның бұл ұстанымы еліміздің бейбітшілікке, көпжақты дипломатияға және халықаралық құқық қағидаттарына адалдығын айқын көрсетеді. БҰҰ-ны реформалау арқылы ғана жаһандық қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы сенімді арттыруға болады. Бұл – әділетті әлем құру жолындағы маңызды қадам.
Тілек ҚАЛИ,
зейнеткер



