Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Биыл Атырау облысында 150-ге жуық жол нысанына сапа бақылауы жүргізілді

Осы жылы облыста автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасына кешенді бақылау жүргізілді. Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК АОФ директоры Аслан Дюсенов баспасөз мәслихатында мәлім етті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикердің айтуынша, өңірде жалпы ұзындығы 3 мың шақырымға жуықтайтын  автомобиль жолдары бар. Биыл сапа сараптамасымен барлығы 148 жол-құрылыс нысаны қамтылды. Оның ішінде 25 республикалық, 11 облыстық, 79 аудандық және 33 қалалық маңызы бар нысан тексерілген.

- Жыл басынан бері біздің мамандар 600 мәрте жолға шығып, жол құрылысына пайдаланылған материалдардан 2 500-ден астам сынама алды. Сонымен қатар ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасына сәйкес облыс аумағындағы асфальтбетон зауыттарына жыл сайынғы тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған 19 зауыттың жетеуінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жағдайлар анықталды, - деді А.Дюсенов. 

Сондай-ақ 2025 жылы жол нысандарын пайдалануға беру тәртібіне қатысты өзгерістер күшіне енген. Енді автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу нысандары тек Жол активтері сапасының ұлттық орталығы берген жұмыстар мен материалдардың сапасы туралы қорытынды есеп болған жағдайда ғана қабылданады.

Филиалдың жол зертханасының жұмысы туралы оның меңгерушісі Дәурен Кенжешев баяндады. Айтуынша, жыл басынан бері жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардан 2 500-ден астам сынама алынып, зертханалық сынақтан өткізілген.

– Сынақ зертханасының негізгі мақсаты – құрылыс материалдарының сапасын, беріктігін және нормативтік талаптарға сәйкестігін дәлелді түрде анықтау. Зертханада жүргізілетін сынақтар өнімнің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етіп, жобалардың сапалы орындалуына ықпал етеді. Қазір зертханалық жұмыстарды автоматтандыру маңызды рөл атқарып отыр. Автоматтандыру өлшеу дәлдігін арттырып, адами факторға тәуелділікті азайтады, деректерді жылдам өңдеп, сақтауға мүмкіндік береді, - деді ол.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT