Ауданда 14-24 наурыз аралығында «Пробация» республикалық жедел-профилактикалық іс- шарасы өтуде.
Соған сай, бүгін аудандық жастар ресурстық орталығында Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің Пробация қызметі бөлімдеріне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы, әділет подполковнигі Артур Имановтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Онда сотталған тұлғалардың тарапынан жасалынатын құқық бұзушылықтардың және қайталама қылмыстың алдын-алу және оларды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар мен мәселелер талқыланды.
Әйгерім БИБОЗҚЫЗЫ