Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда жастарға интернеттегі қауіп-қатерлер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы мен Атырау облысының Полиция департаментінің ұйымдастыруымен №1, №4 және №6 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өтті.

Кездесу барысында оқушыларға интернет кеңістігінде жиі кездесетін қауіп-қатерлер туралы мәлімет беріліп, алаяқтардың балалар мен жасөспірімдерді алдауда қолданатын негізгі әдіс-тәсілдері жөнінде айтылды. Сонымен қатар , онлайн ойындар мен әлеуметтік желілер арқылы бейтаныс адамдардан келетін хабарламалар, жалған ұтыс ойындары, тегін бонус немесе сыйлық уәде ету арқылы жеке мәліметтерді алдау жағдайлары кеңінен баяндалды. Сондай-ақ, мамандар мұндай жағдайларда сақтық шараларын сақтаудың жолдары туралы түсіндірді. Аталған ақпараттық іс-шара жалпы саны 100 жасты қамтыды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT