Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Сенат Цифрлық кодексті мақұлдады

Сурет ғаламтордан алынды

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында мұндай құжатты дайындау – аса маңызды әрі уақыт талабы.

Кодекс парламентарийлер тарапынан әзірленді (бастамашылардың бірі – Сенат Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Асанов). Мақұлданған нормалар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған елді ауқымды цифрландыруды одан әрі жүзеге асыру үшін құқықтық негіз қалыптастырады. 

 Кодекске төмендегідей бірқатар маңызды ережелер енгізілген: 

 Цифрлық заңнаманың бірыңғай қағидаттары Кодекс цифрлық саланы реттеудің мақсаттарын, міндеттері мен негізгі қағидаттарын айқындап, цифрлық трансформацияның тұтас құқықтық негізін қалыптастырады. 🔹 Цифрлық объектілердің құқықтық режимі Цифрлық объектілердің түрлері белгіленеді, оның ішінде цифрлық деректер, цифрлық активтер, цифрлық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, цифрлық жүйелер мен платформалар бар.

🔹 Цифрлық ортаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Азаматтардың цифрлық құқықтары, соның ішінде цифрлық сәйкестендіруді қорғау құқығы, сондай-ақ цифрлық қатынастар субъектілерінің міндеттері бекітіледі.

 🔹 Цифрлық сәйкестендіру және биометрия Цифрлық және биометриялық аутентификация мәселелері, сондай-ақ цифрлық деректердің идентификаторларын пайдалану тәртібі реттеледі.

🔹 Цифрлық мемлекеттік басқару Кодекс цифрлық мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздерін, оның ішінде мемлекеттің цифрлық архитектурасын және «цифрлық үкіметті» дамыту мәселелерін айқындайды.

🔹 Жаңа технологиялар және деректер қауіпсіздігі Смарт-келісімшарттарды, таратылған жүйелерді, автоматтандырылған шешімдерді реттеу, сондай-ақ цифрлық деректерді қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары көзделген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT