Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қыдыр атаның батасын алды

Аудандық жартылай күндізгі стационарлық  үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінде Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлап, балаларға ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «Армысың, Әз - Наурыз!» атты ертеңгелік өтті.

Онда балалардың қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылып, ұлттық нақышта жасақталған киіз үй бұрышына ұлттық киімдер мен аспаптар ілініп, дастархан жайылды. Алдымен «Көрісу» рәсімімен басталған шарада «Әжелер ансамблі» ән айтып, «Баланы қырқынан шығару», «Бесікке салу», «Тұсаукесер» рәсімдерінен көрініс қойылып, балалар арасында асық ойыны ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бөлімшенің тәрбиеленушілері Гүлімай Нұржанқызы «Наурыз көктем» әнін, Наз Сабыр «Қара жорға» биін билеп, Қыдыр ата балаларға батасын берді.

 

Әйгерім БАЙДӘУЛЕТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT