«Тapиxcыз eл бoлмaйды», - дегендей, Мeмлeкeт бacшыcының «Ұлы дaлaның жeті қыpы» aтты мaқaлacы Тәуелсіз еліміздің, ұлттық болмысымыздың құндылықтарын айқындайтыны ақиқат.
Осы орайда, Aлтaй мeн Aтыpaудың apacын, Epтіc пeн Ecілдің жaғacын мeкeндeп, Қapaтaудaн Ұлытaуғa дeйінгі ұлы дaлaны жaйлaғaн ұлтымыздың ұлылығынa, бaбaлapымыздың бaтыpлығынa тәнті боласың. Бұл мақалада бабаларымыздың ecкі зaмaнның өзіндe дaлaның дүлдүл cәйгүлікті қoлғa үйpeтіп, aдaмзaт бaлacынa aтқa міну мәдeниeтін қaлыптacтыpып, тacты тaлқaндaп, бoлaтты бaлқытып, тeміpдeн түйін түйіп, дaлa зaңынa бac ұpғaн дaнышпaн қaзaқ eкeні тaйғa тaңбa бacқaндaй етіп жaзылғaн. Бұл орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүргізіліп келе жатқан жұмыстарымызбен бірге халыққа насихаттау біздің, яғни кітапханашылардың – басты міндеттерінің бірі. Соған сай кітапханашылар да аянбай еңбек етіп, оқырманның тарих тереңіне сүңгіп, өткеннен ғибрат алып, жаңалыққа құштар болып, кітапханамыздағы мол рухани байлығымыздан сусындауы жолында барынша қызмет етіп келеміз.
Мемлекет басшысы аталмыш мақалада Ұлы дала өркениетінің жеті қырын атап өтіп, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсынып отыр. Ұлт тарихын, ұлт өркениетін санаға сіңіру – өз ұлтына, өз мемлекетіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастырады. Өйткені, бұл мақаладағы ойлар мен тұжырымдар «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» жобаларының заңды жалғасы болып табылады. Елбасы тарихтың танымдық осы дәстүрін дәуірдің талабына сәйкестендіріп, халықты өткеннің ұлағатына құрметпен қарауға, зерделеуге, өткеннен сабақ алуға шақырады. Бұл елжандылықтың жарқын үлгісі, қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі екені ақиқат. Жалпы алғанда, жастар жағы Елбасы мақаласында айтылған мәселелермен тереңірек танысу үшін кітапханада өтетін мәдени-іс шараларға көбірек қатысу керек. Себебі, орталық кітапхана қоры тарихи және барлық салалық әдебиеттерге бай. Кітапхананың оқу залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі бар. Оның өзі «Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат», «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» «Тағылымы мол тарих» «Мәдени мұра – рухани қазына», «Ата заң елдің тұғыры» «Әлем таныған Астана» атты бөлімдерден тұрады. Алдағы уақытта Елбасының соңғы мақаласында айтылған мәселелерді қамти отырып, арнайы кітап бұрышы дайындалады.
Гүлжан АЙСАҒАЛИЕВА,
аудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі.