Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұрғындар тілегі ескеріледі

Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат Сайын Қуанышев, аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Айбар Алтыбаев, аумақтық сайлауалды штаб мүшесі Гүлшара Сары «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында болып, сайлаушылармен кездесті.

Кездесуді облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер Сайын Қуанышев ашып, партияның сайлауалды бағдарламасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталғанын, қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған Ойыл өзенінің басты назарда болатындығын түсіндірді. Аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Айбар Алтыбаев аудандағы ХҚКО-да жасалып жатқан жаңаша бағыттар мен жұмыстарға тоқталып өтті.

Ал, аумақтық сайлауалды штаб мүшесі Гүлшара Сары облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сайын Қуанышев пен Айбар Алтыбаевқа сәттілік тілеп, аудандық партияның сайлауалды бағдарламасында ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, денсаулық және білім саласына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына басымдық берілгенін және осы басымдықтар іс жүзінде жүзеге асатын болса көптеген тұрғындардың мұң-мұқтажы шешіліп, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсаратындығын алға тартты.

Кездесуге қатысушылар тарапынан Қызылқоға аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Бақтығұл Тәжіғали мен ауыл тұрғыны Нұрберген Есқожа Ойыл өзенін қайта қалпына келтіру, азық-түлік бағасының шарықтап өсуі, ауданымыздағы «Инватакси» көлігінің жетіспеушілігі секілді мәселелерді партия алдына мәселе етіп қойып, осы тұрғыда жұмыстар атқарылса деген игі тілектерін жеткізді.

"Nur Otan" партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз