Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үміткерлер тұрғындармен кездесті

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сайын Қуанышев және аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айбар Алтыбаев "Есіктен есікке" акциясы аясында миялылық тұрғындармен кездесті.

Үйлерді аралап кездесу өткізген үміткерлер ауыл тұрғындарына партияның алдағы 2021-2025 жылдар аралығына жасақтаған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутатының кандидаты Альберт Аққайнанов, аудандық сайлауалды штаб мүшелері мен ерікті жастар акция аясында Сағыз ауылында үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиын соңында кездесушілер «Nur Otan» партиясына үлкен сенім артатынын жеткізді. Ал, мәжіліс депутаттығына кандидат Толқын Бейсқали мен аудандық мәслихат депутатының кандидаты Альберт Аққайнанов ерікті жастармен бірге акция аясында Тасшағыл ауылында үйлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Онда ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындар өтінішіне құлақ асты. Сонымен қатар, «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Венера Мырзағали, Сапура Сәрсенғалиева және партияның сенімді өкілдері мұқырлық тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып өтті. Үміткерлер елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, халықты толғандырған сауалдарға жауап берді. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға бағытталғанын баса айтқан жөн. Үгіт-насихат жұмыстары санитарлық талаптарға сәйкес қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, өткізілуде.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Қызылқоға ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT