Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Солтүстік және шығыс өңірлерді газдандырудың екі жолын қарастырып отырмыз – министр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша Ресеймен келіссөз қай деңгейде жүріп жатыр? Бұл сауалға Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді.

- Келіссөздер бойынша оң динамика байқалады. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың екі сценарийі қарастырылып отыр. Бірінші сценарий бойынша Ресей–Қытай транзиттік газ құбыры арқылы Қазақстан аумағынан өтетін маршрут. Бұл жағдайда елімізге жылына 10 млрд текше метрге дейін газ алу мүмкіндігі туады. Бірақ, бұл құбыр бойынша шешім Ресей мен Қытайға тікелей байланысты. Егер оң шешім қабылданса, Қазақстан бұл жобаны жүзеге асыруға мүдделі және келісілген шарттар негізінде өз аумағын ұсынуға дайын, - деді Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Энергетика министрі ұсынып отырған екінші мүмкіндік «Сарыарқа» газ құбырын кеңейту. 

- Бұл бағытта да жоғары дайындық жүріп жатыр. «ҚазТрансГаз» компаниясы алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеп жатыр. Қазақстан тарапы транзиттік газ құбыры бойынша шешімнің анықтығына байланысты тиісті шешімдер қабылдайтын болады, - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанға газ жеткізетін құбыр Ресей схемасына енгізілгені туралы хабарлаған едік. 

РФ Үкіметі Ресей Федерациясының Федералды көлік саласындағы аумақтық жоспарлау схемасына өзгерістер енгізді (құбыр көлігі бөлігінде), оған сәйкес Қазақстанды газдандыру үшін 10 миллиард текше метрге магистральды газ құбырын салу жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT