Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"АРАЛҒА" АЙНАЛҒАН КӨШЕЛЕР 

Қыстағы қалың қар қарғын суға айналды. Аудан көшелерін кілкіген су басып, тұрғындар үшін аяқ басу қиынға соғып тұр. Жылдағы оқиға биыл да қайталанып, көптеген көше еріген қар суының салдарынан шағын аралға айналған.

- Еріген қар суын соруда және тасу бойынша бірқатар жұмыс  атқарылып, жұмыс барысы күн-түн демей жалғасуда-, дейді Миялы ауылдық округінің әкімінің орынбасары Артур Кенжеғалиев 

Аталған жұмыстарға 2 вакуум, 6 КАМАЗ үш жерде су тасу жұмыстарына жұмылдырылса, бұдан бөлек 3 погрузчик, 1 бұрғы, 2 насос іске қосылып, жұмыстар жүргізілуде. Ал 9 округтің жағдайы тіптен қиын. Тізеден су кешкен ауыл тұрғындары бұл әдетке үйренгенімен, сабаққа қатынайтын ұл-қыздар үшін алаңдаулы.  "Автокөліктер су астындағы аузы бітелмеген ой шұңқыр мен құдыққа түсіп, опат болады ма?" деп қорқады. 

 Белуардан балшыққа батып, тізеден су кешкен тұрғындар пікірін газетіміздің алдыңғы санында толық баяндаймыз. "Қызылқоға" газеті төріңізден табылсын.

Самғат Қайратұлы

суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT