Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САРБАЗДАР РУХЫН КӨТЕРДІ

Көктемгі су тасқыны қаупінің алу мақсатында ауданда шұғыл іс-шаралар қолға алынып, елді мекендердегі қорғаныс бөгеттері көтеріліп, нығайтылды. Бұл жұмыстарға аудан тұрғындарынан бөлек аудан аумағында жұмыс істеп жатқан мұнай компаниялары мен мердігерлердің техникалары, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 34 маманы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы №5546 әскери бөлімінің 60 сарбазы жұмылдырылды.

Бүгін «Арман» мәдениет үйінің алдында 17 мың қапшыққа құм толтырып, оларды қауіпті аймақтарға төсеген Ұлттық Ұланы №5546 әскери бөлімінің командирлері мен сарбаздарына аудан әкімдігі атынан алғыс білдірілді.

Онда сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ерболат Иғали:

– Биылғы су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстарға көмекке келген сарбаздар өз жұмыстарын адал әрі жауапкершілікпен атқарды. Бұл ретте, көктемгі су тасқынына тосқауыл қоюда жедел көмекке келіп, ел болып жұмылған құтқару жұмыстарына белсене атсалысқандарыңыз үшін аудан тұрғындары атынан алғыс айтамын. Отан алдындағы әскери борыштарыңды абыроймен атқарып, отбасыларыңмен аман-есен қауышуларыңа тілектеспін, - деп әскери бөлімнің командирлері мен сарбаздарын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, әскери бөлімге заттай сыйлық табыс етті.

Сондай-ақ, жиында №5546 әскери бөлімнің взвод командирі, лейтенант Бексұлтан Абдуллаев қызмет көрсету барысында қонақжайлылық танытқан ауыл халқы мен еңбектерін бағалап жатқан аудан әкімдігіне ризашылығын білдірді. Шара барысында «Арман» мәдениет үйінің әншілері патриоттық әндер орындап, сарбаздардың рухын көтерді.

Бауыржан САҚТАСЫНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT