Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беріледі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сай, Қызылқоға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы №ХХVII-4 шешіміне сәйкес ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру кезінде көптеген мәселелер басшылыққа алынады.

Біріншіден, отын сатып алуға берілетін әлеуметтік көмек құны бес мың теңге болса, екіншіден, денсаулық сақтау, білім беру әлеуметтік қорғау мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінен құрылған комиссияға аталған ұйым мамандарына арыздарына қоса, осы үйде тұратындығын растайтын анықтама мен тұрғын үйдің қандай отын түрімен (қатты отын-көмір, табиғи газ) жылытылатындығын анықтайтын анықтаманы тапсыру қажет. Ал, үшіншіден комиссияға түскен құжаттарды қарап, шешім алу және жиынтық тізімін жасап, комиссия хаттамаларымен қоса аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне ұсынылады. Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бөлінген қаржыға сәйкес, әлеметтік ұйым мамандарына отын сатып алуы үшін әлеуметтік көмек беруге қажетті сомаларды банктің арасындағы агенттік келісімге сәйкес аударылады.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандары құжаттарын, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсырады.

Бағыт РЫСҚҰЛОВА,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT