Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2023» ұлттық байқауының аудандық кезеңі басталды

Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығын хабарлайды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
    Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1) Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) Асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) Балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) Ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға Қызылқоға аудандық комиссиясына өтінімдер 2023 жылғы 15 мамырынан бастап 2023 жылғы 15 маусымға дейін қағаз немесе электрондық нұсқада аудандық ішкі саясат бөлімінде қабылданады.
Байланыс нөмерлері: 2-18-85, 2-15-11.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT