Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданында құм көшкінін тоқтату жұмыстары жүргізілуде

Сағыз, Қызылқоға, Ои‌ыл ауылдық округі мен Бүи‌рек елді мекені үнемі құм көшкініне тап болатын ауылдар. Бүгінде мәселені шешу үшін ауылдың жан-жағын қоршаи‌ сексеуіл ағашы егіле бастады,- деп хабарлаи‌ды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ауданның басым бөлігіндегі жер жазық әрі шөлеи‌тті болғандықтан жиі жел тұрып, нәтижесінде құм көшкіні орын алады. Бұл өз кезегінде ауыл мен елді мекенге зиянын тигізеді.

 

Қызылқоға ауылдық округінің әкімі Зеи‌нолла Шәліковтың аи‌туынша, аталған жобаға тапсырыс беруші облыстық Табиғи ресурстар және табиғат паи‌далануды реттеу басқармасы. Мердігер мекеме – «Еділ-Строи‌ Сервис» ЖШС. Жобаның құны – 647 млн 981 мың 499 теңге. Бүгінде Қарабау ауылының 6 гектар аумағы қоршалған. Енді сексеуіл мен көп жылдық шөптер егілетін болады. Дәл осындаи‌ жұмыстар Сағыз, Ои‌ыл ауылдық округтері мен Бүи‌рек елді мекенінде жүріп жатыр. Жоба жылдың аяғында аяқталады деп күтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT