Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

1 қаңтардан бастап әр тауарға цифрлық паспорт енгізіледі

1 қаңтардан бастап әр тауарға цифрлық паспорт беріледі, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Сауда министрлігі хабарлады. NTIN коды арқылы әр тауардың атауы, құрамы, өлшем бірлігі, өндірушісі мен шыққан елі туралы толық ақпарат беріледі.

Бұл жүйе бизнеске уақыт үнемдеуге, қателіктерді азайтуға, импорт пен экспорт рәсімдерін жылдамдатуға көмектеседі. Мысалы, фармацевтикалық өнімді сатып алғанда тұтынушы оның түпнұсқалығын тексере алады. Бұл әсіресе бренд тауарлары мен дәрі-дәрмектер үшін маңызды.

Айта кетейік: NTIN коды нарықтағы ашықтықты арттырады, контрафакт өнімдерді азайтады және тұтынушыларға толық ақпарат береді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Фото pixabay

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT