Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚОРЖЫНДА ҚОС ЖҮЛДЕ

Соңғы жылдары ауданымызда ләңгі тебу, садақ ату сынды ұлттық ойын түрлері қарқын алып, даму үстінде. Нәтижесінде жерлестер түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, аудан абыройын асқақтатып жүр.

Соның жарқын көрінісі – таяуда Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласында ләңгі тебуден өткен аймақтық турнир. Ілияс немересі Бекбатырды еске алуға арналған турнирде Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарынан ләңгі ойынының шеберлері бақ сынады. Бұл сында аудан намысын қорғаған жерлестер жерге қаратпады. Аймақтық жарыста жангелдиндік Шерхан Еңсегенұлы 1003 ұпай жинап жарыс жеңімпазы (жүлдесі – «Мопед» мотоқұралы) атанса, 385 ұпай жинаған миялылық Мәлік Төлеуішов екінші орынға (жүлдесі – 50 мың теңге) қол жеткізді. Сөйтіп алғашқы орындарды өзара бөліскен қос жерлес ұлттық ойынның хас шебері екендіктерін дәлелдеп қайтты. Оларды аталмыш сынға дайындап, алып барған Қуан Ағашиннің еңбегі зор.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT