Концерттік бағдарламадан соң орталық алаңда ұлттық киім үлгілері, бұрымды ару байқаулары мен мешкейлер, ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды.
«Ең әдемі ұлттық киім» байқауында Дана Мәделбекова, «Бұрымды ару» байқауында Альфия Арыстанғалиева бірінші орынды иеленді. Ал, ең қызықты саналатын «Мешкейлер» сайысында Ерасыл Мұхтар жеңімпаз атанса, арқан тартыста 1994 жылы туған ауыл жастарына жетер қарсылас болмады. 24 келілік кір тасын 67 рет көтерген Думан Жекенов бірінші орынды жеңіп алса, ләңгі тебуден 122 ұпай жинаған Сәндібек Өтешов жеңіс тұғырынан көрінді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.