Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық энергетиктер бес миллион ұтты

Жақында «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен аталмыш ұжымға қарасты мекемелердің электромонтерлер бригадалары арасында жарыс өтті. Атырау облысының энергетика жүйесіне 60 жыл толуына аясында өткен сайысқа қызылқоғалық энергетиктер де қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. 

    Нақтырақ айтқанда, кәсіпорында жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындайтын мамандардың дайындығын тексеру, электр желілеріндегі жұмыстарды ұйымдастыру және орындау бойынша озық тәжірибе алмасу және насихаттау, жұмысты қауіпсіз орындаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін көрсету, жөндеуші электриктердің біліктілік деңгейін тексеріп, мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс бес кезең бойынша өтті. Жарыстың ережесіне сәйкес жарысқа қатысушы командалар әр кезең бойынша бекітілген уақытта тиісті балл жинау қажет. Егер Кезеңдегі бригада тапсырманы нормада көзделген уақыттан аз орындаса, үнемделген әрбір 5 минут үшін 1 ұпай, қалыпты уақыттан асып кетсе, әрбір 3 минут үшін 1 ұпай шегеріледі. 
     Бірінші кезең, яғни қауіпсіздік шаралары, техникалық пайдалану және өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті 60 баллдың 46 балына қол жеткізсе, бағана басында электр желісінің әсерінен зардап шегушіні түсіріп, алғашқы медициналық көмек көрсетуде жинауға тиіс 55 баллдың орнына 56 балл жинап, уақытынан бұрын бітірді. Сондай-ақ, олар трансформаторлық қосалқы стансадағы (КТП-10/0,4 кВ) реттегішті ауыстыру, кернеуі 10 кВ-ге дейінгі әуе желісінің тұйықталуын монтаждау және қосалқы стансаға (КТП-1) СИП-0,4 кВ сымын орнату және қосу бағытындағы кезеңдерде де жоғары деңгейден көрінді. Нәтижесінде, 278 балл жинап, І орынды жеңіп алды.    
    Аудан намысын абыроймен қорғаған аудандық электрмен қамту мекемесінің аға шебері Жанболат Аралов, электромонтерлер Аязбек Ещанов, Қанағат Мұратов, Еркін Ерболаттарды қаржылай сыйақымен марапаттаған «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Алтынбек Қаршегенов ұжымға көлік алу үшін бес миллион теңгенің сертификатын және қажетті құрал-жабдықтар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Сөйтіп, жерлестер абырой биігінен көрініп оралды. 

Бауыржан САҚТАСИНОВ
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521