Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫРАҒЫ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Таяуда Атырау облысы білім беру басқармасы Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен "Айбын-2023" облыстық әскери - патриоттық жастар жиыны өтті. 

Онда қатысушылар әскери жаттығудың он бір түрінен сынға түсті. Оған қатысқан Қызылқоға ауданының командасы  жалпы есепте бесінші орынға табан тіресе де, жекелей сында әскери жаттығудың бірнеше түрінен  орындарға ие болды. Айталық, Ерасыл Мыңбай пневматикалық қару арқылы нысанаға дәлдеп атудан І орынды жеңіп алса, Нұрайна Тілекбай дәл сондай жаттығу мен шалқадан жатып дене көтеруден ІІ орынды иеленді. Ал,  Ерболат Мұқан АК-74 қаруын шашып жинаудан, Нұрәли Жексенғали мен Алтынай Нұрлыбек ұлдар және қыздар  арасындағы ЖӘҚТ киюдан ІІ орынды, Алтынай Нұрлыбек пен Қабдол Әнуарбек команда саптық байқау мен Айбын дарыны бойынша ІІІ орынды иеленді.
 Осы жарыста қырағылық танытып, ептілігімен көзге түскен оқушылар Ерасыл Мыңбай, Ануарбек Қабдол, Нұрайна Тілекбай, Аян Өтеуғали, Әділбек Серіктер республикалық жарысқа жолдама алды. Оқушыларды облыстық жарысқа дайындаған жетекшілері Азамат Молдашев, Нұрлыбек Муса, Ж. Дүйсенбаевтардың еңбегі зор.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT