Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕЛ АЗАМАТТАРЫ ЗОР ҚҰРМЕТКЕ ИЕ

Бүгін «Арман» мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Ең алдымен әнұран шырқалып, көпшіліктің рухы бір көтеріліп қалды. Салтанатты жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Жарас Мағазұлы ашып, мерекемен құттықтап, әр салада еңбек етіп жатқан азаматтарды марапаттады.

— Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен. Бұл – халқымызға тән батырлықтың және Отансүйгіштіктің мерекесі. Жасөспірімдерді патриоттық сезімге тәрбиелеу білуіміз қажет, - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Есенғалиев.

Құттықтаудан соң, атаулы мерекеде көктемгі су тасқыны кезінде ауылдар мен елді мекендерді су басу қаупінен аман алып қалуға үлес қосқан азаматтар марапатталды. Атап айтсақ, облыс әкімінің Алғыс хатымен: Сайдолла Нұрмұханов, Мәзім Тұрғалиев, Тұрар Стомма, Бақтыбек Мұханбетов, Жасқайрат Семғалиев, Тельман Оразов, Ержан Өмірбаев. Атаулы мерекеде аудан әкімінің Алғыс хатымен: Құспанғали Орысбаев – Тәжік-Ауған шекарасында әскери қызмет еткен, Аманжол Байғазин – Тәжік-Ауған шекарасында әскери қызмет еткен, Атакөз Кереев – Таулы-Қарабахтағы этносаралық қақтығыстарға қатынасқан, Қайратберген Усиев - Таулы-Қарабахтағы этносаралық қақтығыстарға қатынасқан, Қанат Қайруллин – Қызылқоға ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, Нұрлыбек Муса – Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, Нұржан Мәдіғали – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметке, әскерге шақыру жөніндегі инспекторы, Құндыз Жұмабаева – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі.

Сондай-ақ, аудан әкімінің алғыс хатымен: Ербол Тауенов, Абай Тутиев, Асхат Сәрсенғалиев, Жамбыл Еркінов, Нұрболат Шортанғалиев, Алпамыс Алдоңғар, Нұрболат Аманғалиұлы, Елемес Олжабаев, Дастан Нұржекенов, Абзал Рашбаев марапатталса, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Анарбек Муталяпов құттықтау сөз сөйлеп, «Қазбат» жауынгерлік іс-қимылдар және бітімгершілік операциялар ардагерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігнің бұйрығымен «Ветеран боевых действий» медалін Айбек Мырзашұлына тақты. Шара соңы «Арман» мәдениет үйі өнерпаздарының меркелік концертіне ұласты.

Кәмшат ӘБІШ.

Суреттерді түсірген Б.Бердіғалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521