Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әділ шешім шығару қажет

Бүгінде судьялардың тәуелсіздігі мен мәртебесі елімізде заң жүзінде белгіленіп, сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.

Еліміздің сот корпусының негізгі бөлігін сауатты, кәсіби білікті судьялар құрайды. Қазіргі уақытта сот төрелігін тиімділік деңгейі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де салаларының табысты жаңғыруын айқындаушы фактор болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту үшін қажетті шарт. Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуде «Сот жүйесін жаңғырту – маңызды мәселе. Біз тиісті шараларды, соның ішінде заңнамалық тұрғыдағы шараларды қабылдадық. Соттарға құқықтың әртүрлі салаларынан, оның ішінде корпоративтік сектордан жаңа мамандар тартылуда. Осының негізінде Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі жаңа сот алқасы құрылды. Сот ісіне мықты корпоративтік заңгерлер мен адвокаттардың тартылуы, әсіресе, өңірлерде инвесторлар мен бизнесмендердің мүдделерін сапалы қорғауын мейлінше қамтамасыз етеді.

Жоғарғы Сот кеңесін және Жоғарғы Соттан судьялар корпусын жаңарту жұмысын белсенді жүргізуді сұраймын» деп жеке меншікке қол сұқпау және ашық әрі әділ сот қалыптастыру керек екендігін алға тартты. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Сот саласын жаңғыртуға мемлекет басшысының бұлайша ерекше мән беруінің астарында соттың жұмысын одан әрі жетілдіру, сол арқылы оның ашықтылығы мен қолжетімділігін және ең бастысы әділ сот төрелігін жүзеге асыру жатқаны аян. Ендеше, халық мүддесін қорғайтын сот жүйесін жаңа сатыға көтеру – уақыт талабы екендігі сөзсіз.

 

Базаргүл ӘБДУАЛИЕВА,

аудандық соттың бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521