Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Нақты істер қолға алыну керек

Мемлекеттің дамып, алға қарай өркендеуіне кәсіпкерлік саласы ерекше рөл атқарады.

Шағын және орта бизнес өркендеп, халық кәсіпкерлікпен шұғылданса, мемлекеттің әлеуеті артып, экономикасы дами түседі. Бұл туралы бүгін отандық ірі бизнес өкілдерімен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да қайталап өтті. Кездесуде кәсіпкерлерді Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Жаңа экономикалық бағытының негізін қалайтын басты қағидаттарға жан-жақты тоқталды.

Бірінші – жеке меншікке қол сұқпау үшін ашық әрі әділ сот кепіл болуы тиіс екендігін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы, екінші қағидат – шынайы бәсеке екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Егер, болашақтарыңызды Қазақстанмен байланыстыратын болсаңыздар, онда қаражаттарыңызды өз елімізге салыңыздар.

Бұл – Сіздердің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершіліктеріңіз.

«Мұнда табыс табамыз, ал басқа жерде жұмсаймыз» деген қағидатқа жол берілмейді. Сондықтан жұмыс екі бағытта жүргізіледі: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне жол бермейтін тосқауылдар қою» деген Президент Жаңа экономикалық бағыттың тағы бір бөлігі – инвестициялық климат екенін кездесуге қатысушыларға жеткізіп, бизнесмендерді қаржысын өз елімізге салуға шақырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті дамыту бағытында кәсіпкерлер үшін атқарылатын басқа да мәселелер туралы сөз қозғап, алдағы уақытта да кәсіпкерлермен жиі кездесіп тұратынын жеткізді. Ендеше, Мемлекет басшысының ел бизнесін дамыту бағытында көтерген мәселелер оң шешімін тауып, нақты істер атқарылса деген тілегім бар.

 

Сайлаубек ТЕМІРҒАЛИЕВ,

аудандық мәслихат хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521