Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БӨГЕТТЕРДІҢ ОСАЛ ТҰСТАРЫ БЕКІТІЛДІ

Көктемгі су тасқынының алдын алу бағытындағы жұмыстар Ойыл ауылдық округінде де жүріп жатыр.

Бүгін округ бойынша мекеме қызметкерлері мен ақылы негіздегі қоғамдық жұмыстың жұмысшылары Жасқайрат ауылы мен Дәулетиман елді мекеніндегі бөгеттерді биіктетіп, су кіру қаупі бар осал тұстарын құм толтырылған қапшықтармен бекітті. Аталмыш жұмыстарға округ әкімі аппаратының «МТЗ-82» тракторы, «Құрман» шаруа қожалығының тиегіші (погрузщик) мен «Камаз» автокөлігі, жеке кәсіпкер Ардақ Жексенғалиевтің тиегіші мен ауыл тұрғыны Сәрсенбай Иманалиевтың «МТЗ- 82» тракторы тіркемесімен жұмылдырылды. Бұл жұмыстар ертең де жалғасын табады.

Бауыржан ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521