Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЗОР

Бүгін Жангелдин ауылында да қызу жұмыс жүрді. Ауылдың еріктілері мен мекеме қызметкерлері 1000 дана қапшықққа топырақпен толтырып, ауылды айналдыра қоршаған бөгеттің әлсіз тұстарына апарылды.

Ал, округ әкімі аппаратының «МТЗ-82» тракторы, жеке кәсіпкер Данияр Салтанұлы мен «АИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тиегіштері (погрузщиктері) бөгет көтеру жұмыстарын жүргізді. Жеке кәсіпкер Нәдір Қарабалин жұмыс жасап жүрген азаматтарға ыстық шай мен бауырсақ апарып берді. Округте 27 наурыздан бастап түнгі кезекшілік жұмыс жасайды.

Бауыржан РАХАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521