Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Өмірге деген құштарлығы басым ерекше балаларды қамқорлап, оларды әр мереке сайын қуантып отырғанға не жетсін?! Осы орайда, бүгін аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев пен Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықов аудан орталығындағы ерекше балалардың үйіне арнайы барып, жаңа жылдық сыйлық тарту етті.

Балаларды жаңа жылымен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев:

-Ерекше балалар ешқашан мемлекеттің назарынан тыс қалмайды. Оларға қамқорлық жыл бойы жалғаса береді. Жаңа жыл қарсаңында балаларды қуантып, әрі мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың сыйлығын Сіздерге табыстап отырмыз - деді.

Өз кезегінде ерекше балалардың бірі Фатима Аманқос ағаларға алғысын білдірсе, Исламбек Досболұлы жаттаған тақпағын айтып берді. Ал, Арсен Асқаттың анасы Нұржамал Мәдіғалиева:

“Соңғы жылдары ерекше балаларға ерекше қамқорлық жасалуда. Мысалы, менің балама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрған “Өмірге сен” қоғамдық қоры арқылы апта сайын 16 миллион теңгенің дәрісі егілуде. Басқа да қамқорлықтар жиі жасалуда. Сол үшін де алғысымыз шексіз” деді.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT