Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда тұрғын үй кезегі қысқаруда

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  2024 жылы  Қазақстанда  18,96 млн шаршы метр тұрғын үй салынды,бұл ел тәуелсіздігінің барлық жылдарындағы тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш. Ал, Атырауға келсек, облыстық құрылыс  басқармасының  деректері бойынша 2024 жылы барлыққаржыландыру көздерінен 750,0 мыңшаршы метр тұрғын үйді пайдалануғаберу жоспарланған болатын. Жылқорытындысы бойынша 751, 334 мыңшаршы метр тұрғын үй пайдалануғаберілді, деп хабарлайды "AtyrauPress".

Сонымен қатар, өткен жылы халықтыңәлеуметтік осал топтары үшін 189 пәтерсатып алынды. Мемлекет басшысыныңтапсырмасы бойынша Жылыойауданының Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен Болашақшағын ауданының тұрғындары үшін 100тұрғын үй салынды2024 жылдыңқыркүйегінде осы үйлердің құрылысыаяқталды, олар пайдалануға берілді,тұрғындарға кілт табысталды. Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларбағдарламасы шеңберінде NCOCкомпаниясы арқылы Махамбет, Исатай,Қызылқоға, Құрманғазы және Мақатаудандарының орталықтарында 60пәтерлі үш қабатты тұрғын үйлердіңқұрылысы жүргізілуде. Жоғарыдааталған үйлер бойынша құрылысжұмыстары ағымдағы жылы аяқталыппайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Тұрғын үй құрылысының жалпыжоспарланған көлеміне келетін болсақ,бұл деректер қазір аймақ бойынша нақтылануда. Облыстық энергетика жәнеТКШ басқармасының ақпараты бойынша,өткен жылы мемлекет беретін тұрғынүйге мұқтаж азаматтар саны 30 359-ды құрады.

Облыс бойынша 2024 жылы облыстықкоммуналдық тұрғын үй қорынанбарлығы 560 пәтер кілті тапсырылды.Өңір бойынша тұрғын үй кезегіне қайтатексеру жүргізілді. Бүгінгі таңда тұрғынүй кезегінде 28750 азамат тіркелген.Егер жіктейтін болсақ, олар: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  95,көп балалы аналарға -165, хәлеуметтікосал топтарға  237, бюджеттік мекемеқызметкерлеріне  15жалғыз тұрғынүйі апатты деп танылған азаматтарға 48пәтер. Халықтың әлеуметтік осалтоптары үшін 2025 жылға арналған тұрғын үймен қамту жоспары 634 пәтердіқұрайды, оның ішінде Атырау қаласыбойынша 97 пәтер, аудандарда 537 пәтержоспарланған.

Сонымен қатар, апатты көпқабаттытұрғын үйлер өңірдегі өзекті мәселегеайналды. Апатты үйлердің саны 217-ніқұрайды, оның 93-і Атырау қаласыбойынша. Осы өзекті мәселені шешу үшіноблыс әкімдігі Жол картасын бекітті. Оғансәйкес 2023 жылы 13 апатты үй, ал 2024жылы 24 көпқабатты тұрғын үй (265пәтер) тұрғындары қоныс аударды, оныңішінде Атырау қаласында -10, ал, қалғаныаудандарда. Осы жұмыстардыжалғастыруға 2025 жылға 224 пәтерсатып алу көзделген. Атап айтқандаАтырау қаласы бойынша 60 пәтер сатыпалу жоспарлануда, ал аудандарда 164пәтер тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ, өткен жылы "Бақытты отбасы – Атырау"бағдарламасы аясында 118 отбасы,"Атырау жастары" және "Атырау ауданжастары" бағдарламалары аясында 48жас тұрғын үймен қамтамасыз етілді.Тұрғын үйге жалдау ақысын субсидиялаутетігі арқылы 540 отбасына төлемдержүзеге асырылады. Сонымен қатар,республикалық және жергілікті бюджетқаражаты есебінен 69 көппәтерлі үйгежөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тимур Қазиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT