Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында салынатын 25 мешіт құрылысына бюджеттен қаржы бөлінбейді

Бұл туралы бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев айтты.

«Бүгін облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы алдағы жылдары аймақта 25 мешіт салынатындығы туралы хабарлаған болатын. Мешіттер құрылысына мемлекет бюджетінен қаражат бөлінбейді. Рухани орда тұрғызу – тікелей мүфтияттың демеушілер арқылы шешетін мәселесі. Дегенмен, облыстық Дін істері басқармасы тарапынан мешіт салынатын жер аумақтары бекітілді. Атқарушы органдар мешіттердің қаржылық – шаруашылық жұмыстарына араласпайды. Біздің міндетіміз – құлшылық үйлерінде ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң талаптарының және ішкі тәртіп мәселесінің сақталуын қадағалау» деп атап өтті Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қала, аудан және шалғай ауылдарда тұрғызылатын 25 мешіт құрылысының алдағы 5-7 жыл шамасына жоспарланып отырғанын айтты.

«Қазіргі таңда мешіттердің нақты салынатын орындары бекітілді. Мешіт салудың да өзіндік талаптары бар. Мәселен, мешіт ең алдымен заманауи және қазаки нақышта салынуы тиіс. Сонымен бірге, мешіт жанынан имам үйі, асхана, дәретханасы салынуы керек. Осындай құрылыстардың барлығын демеуші толықтай өз жауапкершілігіне алуы тиіс. Мұндай шарт жергілікті жерлерге діни кадрларды тұрақтандыру үшін маңызды» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT