Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"ҚАЗАҚ ЕЛІ – ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ"

Қазақста халқының бірлігі күні Миялы ауылында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар» паркінде осындай тақырыпта мерекелік шара өтті.

Шараға жиналған жұртшылықты құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев: – Татулық пен тұтастық – біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің тұғыры. Сондықтан да, бұл күн егемен еліміз үшін ең жарқын және ең мерейлі мерекелердің бірі. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымағымыз жарасқан мәңгілік ел болайық! – деді. «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымының композициялық биімен ашылған концерттік бағдарлама одан әрі «Ақжелең» халықтық фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Ақжелең», «Ахау керім», «Сал, домбыра» шығармаларымен жалғасты. Ал, «Арман» мәдениет үйінің әншілері Зәуре Жұмағалиева «Бейбітшілік сақталады», Назира Шоқан қырғыздың «Жылқышы әні», Мейрамгүл Болатқызы «Жүрегім ақ» әндерін шырқаса, «Арман» квартеті әр ұлт өкілдері әндерінің жиынтығын (попури) орындап, «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымы татар халқының биін, аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары түрік биін биледі. Сонымен қатар, бұл шараға ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-сыйлау үшін білім беру ұйымдары да белсене атсалысып, әр ұлттың биінен шашу шашты. Атап айтқанда, «Жасұлан» балабақшасының тәрбиеленушілері қазақ биін билесе, «Нұр-Шуақ» «Балдырған» балабақшаларының ұжымы грузин, өзбек ұлтының биін, Х.Досмұхамедұлы, Б.Аманшин атындағы орта мектептер мен Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияның мұғалімдері, Миялы балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері украин, орыс, ұйғыр, молдаван ұлтының биін билеп, олардың ұлттық тағамдарын жұртшылыққа ұсынды. Концерттік бағдарламаның шымылдығы «Арман» триосының орындауындағы «Ел тілегі» әнімен жабылған соң, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Болат Салықов мерекелік шараға белсене қатысқан барлық ұжымды алғыс хатпен, бағалы сыйлықпен марапаттады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521