Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ел тағдырын айқындайтын құжат

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз орталығында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған жиын өтті.

Кездесудің модераторы, журналист Назарбек Қосшиев қазір саяси бағытта белсенді жұмыс атқарылып жатқанымен, кейбір жағдайда құқықтық мәселелер бойынша түсіндірудің қажеттілігі туындайтынын атап өтті.

af0773ff 9515 4e9f b93f c1841dfffa4b

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Жанна Шаяхметова Қазақстан Конституциясының даму кезеңдеріне тоқталып өтті.

5ad78ac7 1e08 4dfd be0f 3e707bc650e2 1

Оның айтуынша, 1993 жылғы Конституция ел тәуелсіздігін нығайтуға бағытталса, 1995 жылғы Конституцияда Қазақстан президенттік басқару нысанындағы унитарлы, демократиялық, зайырлы әрі құқықтық мемлекет ретінде айқындалды. Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаты – заңның үстемдігі екенін айтқан спикер ұсынылып отырған жаңа Конституция осы принципті нақты жүзеге асыруға бағытталғанын жеткізді. Сондай-ақ ол Парламент құрылымын бір палаталы жүйеге көшіру мәселесіне тоқталып, кәсіби парламенттің рөлін арттыру қажеттігін айтты.

ab031de7 bda2 4a7d 890c e7d7b0dda2be

– Бұрын 99 баптан тұрған Конституция енді 95 баптан тұрады. Жаңа бөлімдер енгізіліп, кейбір бөлімдер қайта құрылымдалған. Ең басты өзгеріс – адам құқықтары мен бостандықтарының ең жоғарғы құндылық ретінде бекітілуі. Конституцияның архитектурасы айқындалып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері бір жүйеге келтірілген. Бұл өзгерістер заң мен тәртіп қағидатына негізделіп, Конституцияның өміршеңдігін арттырады, — деген облыстық әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Анжанова жобаның құрылымдық өзгерістеріне жан-жақты тоқталды.

3bab5d40 2be9 4caa 8921 e9749043ef0a


«Былина» этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев жаңа құжатта Қазақстан Халқы Ассамблеясының миссиясы жаңаша форматта жалғасып, Қазақстан Халық кеңесі атты жаңа жоғары консультативтік орган құрылатындығын жеткізді. Оның сөзінше, Халық кеңесінің құрамында этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар мен мәслихат өкілдері болады. – Бұл орган заң жобаларын ұсыну, референдум бастамасын көтеру құқығына ие болып, қоғам мен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналады. Сонымен қатар, жаңа Конституция адамға бағытталған, яғни «антропоцентризм» қағидатына негізделген, — деп түйіндеді Андрей Александрович.
Жиын барысында БАҚ өкілдері Конституция жобасында көрсетілген кейбір бөлімдерге қатысты толғандырған сауалдарын қойды. Спикерлер бұл сұрақтарға нақты жауап беріп, ұсыныстар мен пікірлердің әлі де ескерілетінін айтты.

a112f1e8 4c44 473c 9a2d 87be2319d27b

Конституция жобасы ашық түрде талқыланып, қоғамның барлық өкілдерінен ұсыныстар қабылданып жатыр. Бұл құжат ел дамуының жаңа кезеңіндегі саяси, құқықтық және әлеуметтік өзгерістерге жауап беретін маңызды қадам ретінде бағалануда.

Алмас ҚАБДОЛ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT