Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАДА 19 ҰЛТТЫҢ ӨКІЛІ ТҰРАДЫ

фото ғаламтордан алынды
фото ғаламтордан алынды

Әркез қиын-қыстау кезеңде пана іздеген әр ұлт өкілін бауырына басып, төрінен орын берген қазақ халқының қонақжайлылығына ешбір ұлт шүбә келтірмесі анық. Өйткені, көпұлтты халқының татулығы мен  ынтымақтастығы, бейбітшілігі - біздің еліміздің ең басты байлығы. Бұл ретте,  аудан бойынша бір-бірімен бірлігі мен татулығы жарасқан 19 ұлттың өкілі тұрады. Атап айтсақ, башқұрт, құмық, белорусь, қарақалпақ, татар, орыс. Жүзі басқа болғанмен жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір, бірлігі мықты, достығы берік ұлт өкілдері қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды.

 Еліміздің өсіп-өркендеуіне ауданда тұратын өзге ұлт өкілдерінің де қосқан үлесі зор.  Сондай өзге ұлт өкілінің бірі – Мұқыр ауылдық  округіне қарасты  Кенбай елді мекенінде тұратын өзбек ұлтының өкілі Кәмила Ораззалиева. 1983 жылы Өзбекстан мемлекетінде дүниеге келген ол  2005 жылы Нұржан  Өтеев екеуі  шаңырақ көтереді.  Бүгінде 2 баланы өмірге әкелген ана, үй шаруасымен айналысады. Жолдасы «Атырау жылу электр орталығы» акционерлік қоғамында жұмыс жасаса, кейіпкеріміз Кәмила Ораззалиева үй шаруашылығымен айналысады.

    –  Келін боп түскен уақытта, ауыл тұрғындары тарапынан қарсылық болғаны рас. Әрине, таңдауымыз бір-бірімізге түскендіктен оған көнуге тура келді. Қазір барлығы оңынан, ауыл тұрғындарымен етене жақын болып кеттік. Алайда, өзіме ел  азаматтығын  2019 жылы алдым. Бұл жолда көптеген кедергі  болды. Бір қуаныштысы осы айда үлкен ұлым келін түсіріп, мерейіміз өсті. Біз әркез  отбасында қазақ тілінде сөйлеп, ұрпаққа қазақы тәрбиемен сусындатамыз. Яғни, барлық болмыс-бітіміміз қазақ. Осы тұста, тұрақты жұмыс  табылса игі деген тілегім бар, - дейді ол.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521