Биыл «Қызылқоға» газетінің шыға бастағанына 70 жыл. Осыған орай, «Қызылқоға» газетінің ұйымдастыруымен жалпы газет оқырмандары арасында газеттің әр түрлі жанрында (очерк, эссе, корреспондеция, репортаж, зерттеу, тарихи танымдық мақалалар, фельетон, памплет т.б.) жазылған шығармаларға «Қаламгер сыйлығы» атты байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты - Жетпіс жылдық тарихы бар «Қызылқоға» газетінде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған аға буын қаламгерлердің өрісті өнегелерін жас ұрпаққа ұлағат ету; газет пен оқырмандар арасында тығыз шығармашылық байланыс орнату; жас қаламгерлерді елінің, жерінің тарихын білу арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу; ұмыт бола бастаған газет жанрларын жаңғырту;
Байқауға жас ерекшеліктеріне қарамай жалпы газет оқырмандары қатысып, өз шығармаларын жібере алады. Әр байқауға қатысушы газеттің оқырманы екендігін дәлелдейтін 2023 жылдың екінші жарты жылдығына немесе бір жылға жазылғаны туралы түбіртекті байқауға жіберген шығармаларымен бірге жіберуге міндетті. Шығармалар 4 мамырдан 15 маусымға дейін
«Үздік» деп танылған төрт шығарманың авторына «Қызылқоға» газетінің бас редакторы қызметін атқарған Қабдол Кенжалиев (1954-1957 жылдары), Төлеубай Ысқақов (1963-1967 жылдары), Ізни Нұрқасымов (1967-1978 жылдары) және «Қызылқоғаның қара нары» атанған қарымды қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі Жолдас Жанқуат атындағы дипломмен және әр қайсысына екі жүз мың теңгеден қаржылай сыйлықпен марапатталады. Үздік шығармалардың жеңімпаздарын байқаудың демеушісі болып отырған аталмыш бас редакторлар мен қаламгердің ұрпақтары анықтайды. Егер байқауға жіберілген шығармалар үздіктерді анықтайтын демеушілер тарапынан тең дәрежеде деп есептелген жағдайда бір сыйлықты екіге немесе үш-төртке бөліп беруге құқылы.
Шығармашылық байқаудың үздіктері 22 маусым күні сағат 15:00 – де Қызылқоға ауданының орталығындағы «Арман» мәдениет үйінде марапатталады. Оған аудан тұрғындарымен бірге арнайы үздіктерге аталған сыйлықтарды тапсыру үшін аудан басшылары, бас демеушілер қатысады.
Ендеше, аға буын қаламгерлердің ізгі дәстүрін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа ұлағат еткен «Қаламгер сыйлығы» байқауынан қалыс қалмайық, ағайын!